Атырау, 25 қараша 22:24
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Израильде қатаң карантин енгізілді

2 346 просмотра

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елде үш аптаға карантин енгізілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews  РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Министрлер кабинеті төрағасының айтуынша, 19 қыркүйекте бастап елде локдаун режимі енгізіледі.

"Бүгін Үкімет отырысында біз елді келесі үш аптаға карантинге жабу туралы шешім қабылдадық,", - деді Нетаньяху баспасөз мәслихатында.

Дереккөз мәліметінше, Израильде тұрғындардың қозғалысы шектелді, оқу орындары жабылды, мейрамханалар мен кафелер, кеңселер жұмысын тоқтатты.

Израильде соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр. Бүгінде елде науқастардың саны 156 мыңға жетті. Соңғы тәулікте 4 мыңға жуық науқас тіркелген.

14 қыркүйек 2020, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.