Атырау, 27 сәуір 06:40
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырау облысында шектеулер 28 қыркүйекке дейін ұзартылды (Қаулы)

4 215 просмотра

Атырау облысының бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ден 28 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын.

2.Атырау облысы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы № 64 «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

3) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және шахматтық отырғызу тәртібі бойынша әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, үзіліс кезінде бөлмелерді желдету, медициналық бетперде кию арқылы жалпы сыйымдылығынан 50% және 50 адамнан асырмай мәдени нысан, театр, кітапхана мен мұражайлардың қызметіне рұқсат етілсін;

2) 4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

5) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жалпы сыйымдылығынан 30% немесе 50 адамнан асырмай қабылдап, бассейндердің қызметіне алдын ала жазылу бойынша рұқсат етілсін;

3) 4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

7) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтап, сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік арақашықтықты ескере отырып, жалпы сыйымдылығының 30%-нан асырмай сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (бутиктер) мен сауда желілерінің қызметіне рұқсат етілсін;

4) 4-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

9) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтап, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын тобы бар балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін.

5) 4-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

10) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша бір адамға кемінде 4 ш. м. есебінен СПА-орталықтары, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызмет түрін көрсететін орталық пен салондардың, маникюр және педикюр қызметтеріне рұқсат етілсін;

6) 4-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

11) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, медициналық бетперде кию арқылы, алдын ала жазылу бойынша, бактерицидті лампа қойып, жалпы сыйымдылығынан 30%-ын толтырып, 50 адамнан асырмай жаттығу залдары, фитнес-орталықтары, спорт секциялары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін;

7) 4-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

14) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік арақашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, рұқсат берілсін. Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 60%-ы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталсын;

3. Демалыс және мереке күндері келесі шектеу шаралары ұзартылсын:

10) 5-тармақтың 1), 2), 5), 7), 8), 9), 10-тармақшалары алынып тасталсын;

11) 5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

6) балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің оқу орталығы мен оңалту орталықтарының қызметін тоқтата тұру.

4. Аталған қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Шаров

13 қыркүйек 2020, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.