Иранда 27 жастағы Навид Афракиге қатысты өлім жазасы орындалды. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасының эфирінде айтылды, - деп хабарлайды sputniknews.kz "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.
Афкари сенбі күні таңертең Шираз-Адилабал түрмесінде өлтірілді. Тамыз айында сот спортшы мен оның екі ағасын үкіметке қарсы топ құрды, полицейді өлтірді және 2018 жылғы жазда тәртіпсіздікке белсенді қатысты дегенге кінәлі деп таныды.
Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп және халықаралық құқық қорғау ұйымдары Иранды палуанға қатысты жазаны өзгертуге шақырды. Алайда Иран билігі шешімді өзгертпеді.
Сот үкіміне сәйкес Навид Афкаридің бауырлары - Вахид 54 жылға және Хабиб 27 жылға бас бостандығынан айырылды.