Атырау, 29 наурыз 18:53
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Сергек» қолданыстағы бақылау камераларына қосылды

3 040 просмотра

Жыл басынан бері Атырау полициясы бақылау камераларының көмегімен 151 қылмыстың бетін ашты, - деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

- Қазіргі уақытта облыс орталығында 3507 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның 759-ы қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына тиесілі, - дейді ДП басшысы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ. Олардың жартысына жуығы қаладағы ықшамаудан аулаларында орналасқан. Қоғамдық орындарда 115 бейнекамера жұмыс істейді, 28 камера ішкі істер органдарының әртүрлі объектілерінің аумағында орнатылған.

242 бейнекамера қала қиылыстарындағы тәртіпті қадағалайды, оның 52-сінде көлік нөмірлерін, тіпті жалған нөмірлерді тану, көлік құралдарын, соның ішінде айыппұл төлемегендерді іздеу функциясы бар. Сонымен қатар, әуежайда, ойын-сауық орталықтарында, базарларда, әртүрлі мемлекеттік кәсіпорындарда және басқа да көптеген объектілерде орнатылған 750 жеке бейнекамены деректерді өңдеу орталығы мен жедел басқару орталығына «суретін» шығару арқылы біріктіру жұмыстары жүргізілуде.

Енді бұл жүйе қуатты серпін алды. Естеріңізге салсақ, 10 қыркүйекте Атырауда «ақылды» «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Бірнеше шолу және тіркеу камераларынан тұратын осы аппараттық-бағдарламалық кешендер 153 желілік жол учаскесіне және 51 көше қиылысына орнатылды. «Сергек» бұрын орнатылған бейнекамералармен біріктірілген, соның арқасында тәртіп сақшылары тек жол бөлігін ғана емес, аулалар мен басқа да қоғамдық орындарды бақылай алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 қыркүйек 2020, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.