Атырау, 29 наурыз 13:27
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Теңіз кенішінде қысқарту болмайды»

Сурет
2 915 просмотра

Жаңа жылдан кейін Теңіз кенішіндегі жұмысшылар саны 40 мыңнан асады. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің төрағалығымен өткен өнеркәсіп басшылары арасындағы мәжілісте ТШО бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ хабарлады.

«Ақпан айында пандемия басталған сәтте ТШО мен мердігер компанияларда 45 000 адам жұмыс жасаған. Бірақ сәуір айында коронавирус таралуының алдын алу мақсатында мұнай өндірісінде тікелей жұмыс істемейтін 27 000 қызметкер Теңіз кен орнынан шығарылды», деді Артығалиев.

Оның айтуынша, осыдан кейін кеніште «таза» және «лас» аймақтар жасақталған. Тамыз айында эпидемиологиялық ахуал жақсарған соң, 17 мыңнан астам адам қайтадан вахталық жұмысқа жұмылдырылды. Олардан КВИ-ге қатысты үнемі сынама алынып отырады. Жағдай тұрақтанған соң жаңа жылдан кейін 40 мыңнан астам адам Теңіз кенішіне алынып, жұмыстарына кіріседі. Қысқарту болмайды.  

Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ осындай көп жұмысшыларды тарту кезінде қауіпсіздік шаралары мен санитариялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті - Теңізде вирус жұқтыру саны мыңдап саналған көктемгі індет қайталанбауы керек.

Артығалиевтың айтуынша, компания басшылығы пандемияның екінші толқынына толық дайын.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

12 қыркүйек 2020, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.