Атырау, 19 сәуір 17:02
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Кальян ұсынған кафелер анықталды

2 713 просмотра

12 қыркүйекке қараған түні Атырау полицейлері карантиндік шектеулерге қарамастан талаптарды бұзып, жұмыс жасап тұрған мейрамхана-кафелерді анықтады. Олардың бірінде келушілерге кальян ұсынылған, алайда бұған қатаң тыйым салынған.

Рейдтік топ келген кезде келушілер кальян шегіп отырған, ал жұмысшылар маскасыз жұмыс істеп жүрген. Осы дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы  (ҚР заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқор қоспасын тұтынуға тыйым салуды бұзу»бойынша хаттама толтырылды. Карантин режимін бұзуға қатысты жинақталған  іс-құжаттар  қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 қыркүйек 2020, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.