15 қыркүйекте күндізгі сағат 11-де Жұмыскер ауылының Мәдениет үйінде «GPC Investment» ЖШС өкілдерінің қатысуымен тұрғындарға «Қуаттылығы жылына 1 миллиард текше метр газды кешенді дайындау қондырғысының құрылысы» жобасын түсіндіру бойынша ашық жиналыс өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушы - Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, Мақат ауданында газ өңдеу зауыты салынатыны туралы өткен күзде белгілі болған еді, ал желтоқсанда қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Бірақ неліктен екені белгісіз, тыңдаудың өтетіні туралы ешкім білген жоқ. Олар жұртшылық пен экология белсенділерінің қатысуынсыз өтті. Кейіннен сұрақтар көп болғандықтан, қайтадан тыңдау өткізу туралы мәселе әлденеше рет көтерілді.
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды алдын-ала iskashagan1@gmail.com электронды мекен-жайына немесе «AЖ» редакциясына (комментарийлерге жазуға болады) жіберуге болады.
Ұйымдастырушылар көлікпен қамтамасыз етеді - сағат 10:00-де облыс әкімдігі ғимаратынан Жұмыскерге автобус жүреді.
Өтетін жері: Атырау қаласы, Жұмыскер ауылы, Ш.Әбішев көшесі, 97а, Мәдениет үйінің акт залы.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА