Атырау, 23 сәуір 20:32
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Көпірден секірейін деп тұрған бойжеткенді полиция аман алып қалды

3 677 просмотра

Атырауда полиция қызметкерлері Балықшы-Жұмыскер көпірінің үстінен көпір  қоршауының арғы жағына шығып кетіп, өз-өзіне қол жұмсау мақсатында өзенге секірмекші болып тұрған қызды байқап, аман алып қалды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 11 қыркүйекке қараған түні полиция автопатрулінің экипажы көпірден секіргелі тұрған қызды байқап қалады. Аға лейтенант Өмірзақ Абдолов пен лейтенант Бердібек Қабиболлаев дереу қасына жақындап қызбен сөйлесіп, оқыс қимыл жасамауын өтініп, секірмеуге көндіреді. 

Анықталғандай, 20 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің себебін досымен арадағы келіспеушіліктен болды деп түсіндірді. Полиция оған әкімшілік хаттама толтырмай, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен шектелді.


Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

11 қыркүйек 2020, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.