
8 қыркүйек күні Дамбы ауылының маңында Жайық өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында су полициясының қызметкерлері балық қорғау қызметкерлерімен бірлесіп «Yamaha-40» аспалы қозғалтқышы бар бударка қайығын тоқтатты. Тексеру кезінде екі қапқа салынған салмағы 60 келідей қызыл балық пен 40 келі сазан балығын тапқан.
Қайықта Дамбы ауылының 36 жастағы екі тұрғыны болған. Қазір екі азамат уақытша ұстау абақтысында жатыр. ҚР ҚК-нің 335-бабы («Балық ресурстарын заңсыз алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
В Атырау +4