Атырау, 25 сәуір 12:37
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау облысында бір тәулікте 8 КВИ жұқтырған адам тіркелді. Тұмауға қарсы екпе не үшін маңызды

3 243 просмотра

Коронавирус инфекциясының алдын алудың қосымша шарасы ретінде тұмауға қарсы маусымдық вакцинация биыл 15 қыркүйекте басталады, ол Атырау облысы халқының 40% - ын қамтиды деп жоспарлануда. Бұрын вакцинация 1 қазанда басталып, тұрғындардың 10-15%-ы егілетін.

- КВИ мен тұмаудың жұғу жолы мен бастапқы белгілері ұқсас келеді. Бірақ тұмаумен ауырған организм коронавирус инфекциясын оңай жұқтыруы кәміл және ауруды әлдеқайда ауыр өткереді. Тұмау және ЖРВИ-мен ауырғандардың 70%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, - дейді Атырау облысы бас санитар дәрігердің орынбасары Гүлназ ИРБАТЫРОВА. - Биыл бюджет ресейлік вакцинаның 60 мың дозасын сатып алуға қаражат бөлді. Сонымен қатар, біз вакцинаның қосымша партиясын сатып алуға қаражат бөлуді сұрадық. Ірі кәсіпорындар, соның ішінде алдымен мұнай өндіретін кәсіпорындар өз қызметкерлерін тұмауға қарсы егілуіне мүмкіндік жасайды деп үміттенеміз. Біз оларға тиісті хат жолдадық. Осылайша, облыста егілгендердің санын 40%-ға дейін арттыру жоспарлануда. «Д» есебінде тұрған, жиі ауыратын балалар, сәбилер үйі, интернат мекемелері, балалар үйінің тәрбиеленушілері, қарттар үйіндегі қарт адамдар, 2-3 үшінші триместрдегі жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері және т.б. тегін егіледі.

Коронавирус инфекциясына қатысты Атырау облысының бас санитар дәрігері Асылбек ШАРОВТЫҢ айтуынша, қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Өткен тәулік ішінде инфекция жұқтырған 8 адам анықталды – скрининг кезінде 5, 3 адамның өзі дәрігерге жүгінген. Егер өткендегі пандемияның шарықтау шегіне жеткен кездегі көрсеткішпен салыстырсақ, едәуір төмендеген. Облыста барлығы 10975 адам жұқтырыды, олардың 7685-і ауру белгісі байқалмаған түрінде өткерді. 10876 адам сауығып кетті.

9 қыркүйекте Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі КВИ-мен ауырған соңғы науқасты перинаталдық орталықтан шығарғанын хабарлады – қазір перзентхананың провизорлық стационары бос тұр. Облыстық перинаталдық орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Қазбек ЕРМАҒАМБЕТОВТЫҢ айтуынша, маусым айында орталықтың провизорлық стационарында коронавирус белгісі бар 50-ден астам жүкті әйел болған. 9 қыркүйектегі жағдай бойынша перинаталдық орталықта 153 жүкті әйел болды, қазір оның 87-і босанды.

- Вирус түбегейлі жойылған жоқ, ол әлі де қауіп төндіріп тұр. Егер біз өз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, дұрыс күтінбесек, эпидемиологиялық жағдай қайтадан ушығып кетуі мүмкін. Өңір тұрғындарынан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды және қарапайым санитариялық нормаларды сақтап жүруді сұраймыз, - деп атап өтті Асылбек Шаров.

Естеріңізге сала кетейік, облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысымен шектеу шаралары 31 тамыздан 14 қыркүйекке дейін ұзартылды. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 қыркүйек 2020, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.