Атырау, 7 маусым 10:24
 дождьВ Атырау +19.2
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

АҚШ-та қашықтан оқу кезінде мектепке барған оқушы қамауға алынды

2 553 рет қаралды

Нью-Йоркте наразылық ретінде қашықтан оқыту күндері мектепке барған оқушы қамауға алынды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, 17 жастағы Маврик Стоу 8 қыркүйекте бес күнге оқудан шеттетілді. Себебі ол қашықтан оқу жүйесі енгізілгеніне қарамастан мектепке келген. Осылайша оқушы онлайн оқуға наразылық білдіргісі келген.

Оқушы шеттетілгеніне қарамастан 9 қыркүйекте қайтадан сабаққа келген. Салдарынан полицейлер оны заңсыз мектеп аумағына кірді деп қамауға алған.

11 қыркүйек 2020, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.