Атырау, 26 сәуір 10:40
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Теңізшевройл» мұнай өндірісін тәулігіне 100 мың баррельге азайту арқылы міндеттемесін орындады

3 894 просмотра

Биылғы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Теңіздегі өндіріс тәулігіне 100 мың баррельге азайды, - деп хабарлайды S&P GlobalPlatts ақпараттық агенттігі. Бұл компанияның ОПЕК+ келісімі аясында өндірісті қысқарту жөніндегі міндеттемелеріне байланысты болып отыр.

Бұдан бұрын «Теңізшевройл» «заңға бағынатын компания ретінде ... өндіріске шектеулер енгізу туралы ҚР үкіметінің қаулысына бағынады» және «біз бұрынғыша қауіпсіз және сенімді операцияларға ден қойып, үнемі акционерлеріміздің үмітін ақтауға жұмыстанамыз» деп мәлімдеген еді.

Бұдан басқа, Chevron ақпарат агенттігіне берген жауабында бұрынғыша құны 45,2 миллиард доллар болатын Келешек кеңею жобасы (ККЖ) кестесін сақтауға ден қойып отырғанын, соның нәтижесінде мұнай өндіру тәулігіне 850 мың баррельге дейін артуы тиіс екенін атап өтті.

2022 жылдың аяғында Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) бойынша жұмыстар басталады, содан кейін 2023 жылдың ортасында ККЖ іске қосылады.

«ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы қазіргі уақытта 79% аяқталды. ТШО мен оның серіктестері жобаны алға бастыру үшін Қазақстан Республикасымен тығыз байланысты жалғастыруда. Жобаның қалған көлеміне бірінші кезекте Теңіздегі құрылыс-іске қосу мен реттеу жұмыстары кіреді. ТШО бұрынғыша ҰЕҚБЖ-ны 2022 жылдың соңында, ал ККЖ-ны 2023 жылдың ортасында іске қосуды жоспарлап отыр», - делінген ТШО хабарламасында.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

10 қыркүйек 2020, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.