Атырау, 29 наурыз 10:07
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Билікке «өткір» мәселелер ұнамайды

Сурет Бейнежазба
3 224 просмотра

Атырау облысының қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда бұқаралық ақпарат құралдарында жазылған сынның пәрменділігі туралы мәселе қаралды. Кеңес төрағасы Мұрат ӨТЕШОВ баяндама жасап, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы жарты жылдағы мониторинг нәтижелері туралы айтты.

Өтешовтың айтуынша, осы уақыт ішінде телеарна мен газет бетінде әлеуметтік тақырыптағы өткір мәселелер жарық көрген. Алайда, көптеген басшылар оларға құлақ аспайды немесе редакция сауалдарына жауап бермейді – ал бұл «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңын тікелей бұзу.

- БАҚ-қа шыққан сыни мақалаға басшылық тарапынан жедел жауап берілуі тиіс. Бұл туралы мәселе енді Әдеп жөніндегі кеңеске табысталды, - деді Өтешов.  

Сонымен қатар, жиында кейбір мекемелердің жиын-шараларға БАҚ өкілдерін сынап жазады деген үреймен, алалап шақыратын жағдайлар да кездесетіні айтылды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

10 қыркүйек 2020, 21:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.