Атырау, 25 сәуір 22:11
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қашаған мен Теңіздегі коронавирус бойынша қазіргі ахуал

3 020 просмотра

NCOC

Консорциумның баспасөз қызметінен «AЖ»-ға түскен ақпарат бойынша, пандемия басталғалы NCOC өндіріс алаңдарында COVID-19-дың 94 расталған жағдайы тіркелді (ең алғашқысы шілдеде болған). Вирус жұқтырған 81 адам сауығып кетті, қалған 13-і бүгінде қажетті ем алу үшін арнайы провизорлық стационарға жатқызылды. Баспасөз қызметі хабарлағандай, көбі ауқымды өткізілген сынама арқылы анықталды, әдетте, бұл аурудың белгілері байқалмаған.

Қазір өндіріс алаңдарына кіруге қатаң шектеу қойылған, тек негізгі қызметкерлер ғана кіре алады. Онда да Теңіз кешені қызметкері 14 күндік карантиннен, ал құрлықтағы персонал 10 күндік карантиннен ойдағыдай өтіп, карантиннің 8-күнінде ПТР сынамасының теріс нәтижесін алған кезде мүмкін болады. Қашықтан жұмыс жасау режиміне ауысқан қызметкерлер біртіндеп қосымша қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, кері жұмысқа оралады.

ТШО

7 қыркүйектегі ахуал бойынша Теңіз кенішінің жұмысшылары арасында коронавирус инфекциясының 4147 жағдайы тіркеліп, 3295 адам емделіп шықты. Бүгінде вирус жұқтырғандардың басым бөлігі мекен-жайы бойынша жұмысшыларды вахтаға жіберу алдында ПТР тестілеу кезінде анықталады.

Пандемия басталғалы жасалған ПТР сынамалар саны 73 мыңнан асты. ТШО қызметкерлерінің арасында 402 жағдай расталды. Қазір Теңіздегі жұқпалы аурулар стационарында (облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы) 24 қызметкер емделуде, бұл жалпы төсек-орын санының 6%-ы.

Ал кен орындарында карантин шектеулері толықтай сақталады. Маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және өз-өзін оқшаулау ТШО-ның барлық қызметкерлері мен мердігерлері үшін міндетті болып қала береді.

1 қыркүйектен бастап компания қауіпсіз әрі үзіліссіз жұмыс істеу үшін, сонымен қатар, ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмыстарды кестеге сай орындау үшін персоналды қайта мобилизациялауға кірісті. Ол кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

10 қыркүйек 2020, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.