Атырау, 22 желтоқсан 11:01
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Скляр жұмыс қарқынын тездетуді тапсырды

2 683 рет қаралды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман СКЛЯР Атырау облысына барған жұмыс сапарында ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын тексерді. Бұл туралы премьер-министрдің сайтында хабарлады.

Үкіметтік делегация мен Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы автомобиль жолын қайта жаңарту учаскелеріне барған. Бірақ нақты қай жері екені айтылмайды. Баспасөз хабарламасында мердігерлердің жұмыс барысы туралы баяндағандары хабарланған.

Бұдан басқа, вице-министр өңірдегі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Биыл 800 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Делегация Сарыөзектегі модульдік блоктардан тұрғызылатын жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын тексерді.

Сапар қорытындысы бойынша Скляр жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

10 қыркүйек 2020, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.