Атырау, 6 мамыр 13:26
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Құрманғазы ауданының әкімі орынбасарына үкім шығарылғаннан кейін отставкаға кетті

4 540 просмотра

Құрманғазы аудандық соты Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Өркен ТӘЖІБАЕВҚА үкім шығарды. Ол билікті асыра пайдаланып, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және алаяқтық жасады деп айыпталды.

Сот келесі эпизодтарды дәлелденді деп тапты. Тәжібаев туыстарына тіркелген ЖШС мен ЖК-ні басқаруға қатысып, оларға артықшылықтар берген;

- Балықшы күніне арналған іс-шараны өткізу сылтауымен ЖШС құрылтайшысының 150 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын иемдеген; 

- өндірістік кооперативтердің біріне 500 мың теңге зиян келтірген; 

- аз қамтылған азаматтар үшін қорғаныс медициналық маскаларын сатып алуға қаржылық көмек көрсету сылтауымен кәсіпкерлердің жалпы сомасы 125 мың теңге ақшалай қаражатын иемденіп, кейіннен өз қажеттілігіне жұмсаған.

Нәтижесінде экс-шенеунікке 2 млн 750 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес, бірінші басшы қарамағындағы қызметкеріне қатысты айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде отставкаға кетуге міндетті. Осыған байланысты, 8 қыркүйекте Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат НҰРТАЕВ (ол бұл лауазымға өткен жылдың сәуірінде тағайындалды) отставкаға кетті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Айдос МАМЫТОВ брифингте хабарлады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 қыркүйек 2020, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.