Атырау, 15 қазан 21:24
 ашықВ Атырау +7
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

АҚШ-та боран соғып, қалың қар түсті

3 176 просмотра

Калифорния штатын аптап ыстық пен орман өрті әуре сарсаңға салса, Невада, Юта, Вайоминг пен Колорадода ызғырық боран мен қалың қар әбігерге түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Канададан келген суық желдің екпіні сағатына 56 шақырымға дейін жетеді. Кей аймақтарда түскен қардың қалыңдығы 15 см-ге дейін көтерілген. Синоптиктер осы аптада ауа температурасы елдің орталық бөлігінде де төмендеуі мүмкін деп отыр. Аймақта күн күркіреп, жауын-шашын да жауу мүмкін.


9 қыркүйек 2020, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.