Атырау, 2 маусым 03:47
 дождьВ Атырау +16.3
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды

3 162 рет қаралды

14 желтоқсанда атыраулық кәсіпкерге қарақшылықпен шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды.

Қылмыс оқиғасы Атырау қаласында 7 қарашада орын алды. Кәсіпкер Атыраудағы банктердің бірінен есеп-шотындағы 6 млн теңге ақшасын алғаннан кейін оны көшеде белгісіз екеу тоқтатып, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақшасын тартып алып кеткен.

Ұсталғандар - 1987 және 1986 жылғы туылған жас жігіттер. Олардың бірі қарақшылық жасағаны үшін істі болған.

- Жапа шегуші ұсталғандарды таныды, - дейдіАтырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. –Қылмыстық іс ҚР ҚК 179-бабы («Қарақшылық») бойынша тергелуде.

Тамара СУХОМЛИНОВА

19 желтоқсан 2012, 21:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.