Атырау, 22 желтоқсан 09:34
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

117 жолаушысы бар ұшақ екі сағаттай Атырауды айналып ұшып жүрді

Сурет Бейнежазба
4 585 рет қаралды

7 қыркүйектен 8 қыркүйекке қараған түні «Атырау-Алматы» рейсін орындайтын «FlyArystan» лоукостерінің ұшағы Атырауды екі сағаттай айналып ұшып, кейін әуежайға қонды. «АЖ» тілшісіне «FlyArystan» баспасөз қызметінің өкілі Ләззат НАБИЕВАНЫҢ хабарлауынша, ұшақ Атырау әуежайынан көтерілгеннен кейін авионика бөлігінің (борттық аспап) желдету жүйесінің істен шыққандығы туралы дабыл қағылып, экипаж әуежайға оралуға шешім қабылдаған.

- Осындай жағдайларға арналған регламентке сәйкес, қону үшін ұшақ отынын жағып, Атыраудың үстінен айналып ұшып жүрген, өйткені толық бакпен қонуға болмайды. Әуежайда мамандар ұшақты тексеріп, қысқа уақыт ішінде борт ұшуға рұқсат алды, - дейді Ләззат Набиева. - Борт әуежайда 1 сағат 40 минут болды. Уақыттың көп бөлігі жолаушылар (117 адам) мен жүкті түсіруге, оларды тексеруге және кері отырғызуға кетті.

Ұшақ сағат 00:40-та Алматыға ұшты. Айтпақшы, осы оқиғаға байланысты 27 жолаушы ұшудан бас тартты.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған суреттер мен бейнежазба

8 қыркүйек 2020, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.