Атырау, 26 қараша 01:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ДДСҰ баршаны жаңа бір пандемияға дайын болуға шақырды

2 499 просмотра

Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус коронавирус пандемиясымен бәрі бітіп қалмайтынын, оның тағы бір жаңа түріне алдын-ала дайындалу керектігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл - соңғы пандемия емес. Тарих бізге аурудың өршуі мен пандемия, шын мәнінде, өміріміздің бір бөлшегі екенін көрсетіп беріп отыр, - деді Гебрейесус.

"Сондықтан келесі пандемия келгенде, әлем оған осы уақыттағыдан гөрі әлдеқайда дайын болуы керек", - деп қосты ол.

Жаңа коронавирус тудырған COVID-19 пандемиясы "бар адамға көп сабақ болды", - деп жалғастырды сөзін ДДСҰ басшысы.

- Соның бірі - денсаулық - өз күтімімен айналыса алатын сән-салтанат емес, бұл - қажеттілік және адамның құқығы. Денсаулық сақтау жүйесі "әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықтың негізі", деп атап өтті Гебрейесус.

Осыған байланысты Гебрейесус "аурудың алдын-алуға, анықтауға (жауап беруге)", сондай-ақ "халықтың денсаулығына, әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық көмекке" алдын ала инвестиция салуға шақырды. Мысал ретінде ДДСҰ басшысы Таиландтың денсаулық сақтау саласын дамытуға бағыттап жатқан күш-жігерін, сондай-ақ Италия қабылдаған "күрделі шешімдерді" келтірді, бұл іс-әрекеттер "COVID-19-ны ауыздықтауға" мүмкіндік берген.

8 қыркүйек 2020, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.