Атырау, 22 желтоқсан 11:00
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Құлсарыда оттегі станциясы бар аурухана салынуда

Сурет
2 851 рет қаралды

Бұл 275 орындық орталық аудандық аурухана. Құрылыс тамыз айында басталды. Жоспар бойынша осы жылдың қазан айында тапсырылады.

Мердігері «Бекболат құрылыс компаниясы» ЖШС. Құрылыс «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа аурухана кешенінің құрылысы ҚР Үкіметінің «коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу туралы» қаулысы аясында жүзеге асырылуда.

Кешенде әр түрлі төсек-орынға арналған палаталары бар бірнеше 2 қабатты корпус және 100 төсек-орынға арналған 2 қабатты жатақхана болады. Сондай-ақ, оттегі станциясы мен 200 орындық инфекциялық бөлімше қарастырылған.

Айнұр САПАРОВА

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған суреттер

7 қыркүйек 2020, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.