Атырау, 22 желтоқсан 11:02
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Пробация бақылауынан жасырынып жүрген

4 213 рет қаралды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Жылыой аудандық пробация қызметінің инспекторларымен пробациялық бақылаудан жасырынғандар ұсталды. 

2017 жылы Жылыой аудандық соты тонағаны үшін жергілікті тұрғынды 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кескен. Алайда сот үкімін орындамай, жергілікті пробация қызметіне белгіленуге келмеген. Осыдан соң оған іздеу жарияланған.

- Пробация инспекторлары жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде, аталған сотталған Құлсары қаласында жалдамалы пәтерде тұрып жатқаны анықталды. Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оны ұстап алып, арнайы қабылдау орнына қамаққа алды, - деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап іздеуде тұрған тағы бір жылыойлық азамат жақында Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталып, қазір Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті КА-168/1 мекемесіне қамалды.

- Аталған сотталғанға Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық №2 сотының 2018 жылғы 28 наурыздағы қаулысының негізінде жазасының 1 жыл 15 күн өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып, пробациялық бақылау орнатылған болатын. Бірақ ол берген мүмкіншілікті пайдаланбай, пробация инспекторларынан сол Ақтөбеде жасырынған, - дейді Атырау облысы ҚАЖД Жылыой аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Гүлдана ҚАРАСАЕВА.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда Атырау облысында 600-ден астам адам пробация қызметі есебінде тұр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 қыркүйек 2020, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.