Атырау, 26 қараша 01:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тихановскаяның сенімді өкілі оны Польшаға күштеп алып кеткенін айтты

2 923 просмотра

Беларусь оппозициясының Үйлестіру кеңесі президиумының мүшесі Ольга Ковалькова ұсталғаннан кейін Польшаға күштеп жеткізілген, - деп хабарлайдыtengrinews.kz Тut.by басылымына сілтеме жасап.

Ковалькова Варшавада өткен баспасөз мәслихатында оны әкімшілік қамауға алынғандарды ұстайтын Минскідегі оқшаулағыштан алып кеткенін және "олар көлікке отырғызып, күләпара кигізгенін, маска бергенін және артқы орынға отырғызып, алып кеткенін" айтты.

"Қайда бара жатқанымызды білмедім, "Брузги" өткеліне келдік. Мен шекарадан өттім, олар заттарымды тасымалдады, жеткізгісі келген. Бірақ Варшаваға қарай автобус жүреді, поляк шекарашылары поляк жүргізушісінен мені алып кетуді сұрады. Жүргізуші мені танып қойды, ол жаңалықтарды қарап жүреді екен, менің бостандықта екеніме қуаныштымын деді. Қолымда телефон жоқ, тек поляк елшісі Артур Михальскийдің визиткасы болды. Қоңырау шалдым, кейін ол менің Варшаваға жетуіме ықпал етті", - деді Ковалькова.

Ол "Беларусьтен кетуді жоспарламағанын" және жақында оралатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Беларусь шекара комитеті "5 қыркүйекте ол түнгі сағат екіде (Ковалькова - Автор) жаяу "Брузги" өткізу бекетіне келді, шекаралық бақылаудан өтті, содан кейін Гродно-Варшава бағытындағы жақын рейстегі автобусты күтіп, Польша аумағына өтті" деп хабарлаған болатын.

6 қыркүйек 2020, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.