Атырау, 26 қараша 01:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Германияда 5 бала көз жұмды: полиция анасынан күдіктенуде

2 765 просмотра

Пәтерден 18 айлық, 2 жастағы және 3 жастағы – барлығы 3 қыздың және 2 ұлдың (6 және 8 жаста) денелері табылған. Золинген қаласының құқық қорғау қызметкерлері бұл іске 27 жастағы анасының қатысы бар деп күдіктенеді. Бұл туралы 24.kz Solinger Tageblatt баспасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияға Золингеннен 60 км жерде орналасқан Менхенгладбах қаласында тұратын әжесі хабарлаған. Оның айтуынша, қызы 5 баласын өлтірген, ал алтыншы (үйдің үлкені) 11 жастағы ұлын өзіне-өзі қол жұмсау үшін белгісіз бағытқа жөнелген соң шақырған. Күдікті Дюссельдорф жаққа беттеп, сол жақта пойыздың астына түседі. 

Алайда ол рельстердің ортасына түсіп, тірі қалды. Әртүрлі ауырлықтағы жарақат алған әйел қазір ауруханада жатыр. Жанында күзет қызметкерлері бар. Болған жайттың себебі тергеу амалдарынан кейін белгілі болады.

4 қыркүйек 2020, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.