Атырау, 15 қазан 23:31
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Атырауда кәсіпкерлер жаңа төраға таңдады

3 921 просмотра

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің жаңа төрағасы болып белгілі бизнесмен Әділ Жұбанов тағайындалды.

Ол аймақтық кеңес мүшелерінің ашық дауыс беру қорытындысы бойынша сайланды. Әділ Жұбанов 1972 жылы Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында дүниеге келген. Құрылыс саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан, бүгінде қоғам қайраткері, меценат, «БатысАльянСтрой» ЖШС құрылтайшысы және бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты. 2014 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан жеті жыл бұрын Өңірлік кәсіпкерлер палатасы құрылғаннан бері бұл қызметті марқұм Әлия Бекқожиева атқарып келген болатын. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 қыркүйек 2020, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.