Атырау, 6 мамыр 12:04
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Махамбет ауданындағы екі нысанның құрылысы аяқталмай тұр

Сурет
3 964 просмотра
Сарытоғай ауылындағы ескі мәдениет үйі

Махамбет ауданында екі әлеуметтік-мәдениет нысан құрылысы тоқтап тұр.

Сарытоғай ауылындағы мәдениет қызметкерлері өздеріне жаңа ғимарат қашан беріледі деп асыға күтуде. Өйткені 1954 жылы саман тастан салынған 200 орындық мәдениет үйі адам шошырлық дәрежеге жеткен.

- Баратын жеріміз болмағандықтан қайта орнымызға келіп едік. Қазір онлайн түрінде жұмыс жасап, қызметкерлер үйінде. Егер карантин бітіп, қайта ғимаратқа жиналар кез туса, қайда барып, не істерімізді білмейміз. Себебі ғимарат ескіргендіктен құлайын деп тұр, - дейді Сарытоғай ауылы мәдениет үйінің директоры Рысқали ЖҰМАБАЕВ.

Жылдап күткен Мәдениет үйінің құрылысын «СтройПроект» ЖШС 2017 жылы қолға алып, 8 айда бітіруі тиіс болатын. Алайда екі қабаты салынған ғимарат иесіз қалғандай күйде.

Аудан орталығы Махамбет ауылындағы екі қабатты 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДСК) құрылысына 350 млн теңге бөлінген. Биыл «АқсайСтройСервис» ЖШС ДСК-ні тапсыруы тиіс еді, бірақ бұл құрылыс кідіріп тұр.

Ауданға келген іссапарында облыс әкімі М. Досмұхамбетов «АқсайСтройСервис» ЖШС басшылығынан нысан туралы сұрағанда, олар бәрінің қаржыға тіреліп тұрғандығын жеткізді.

Осы екі нысанның тапсырыс берушісі - облыстық құрылыс басқармасы.

- Спорт кешенін салушылар өз қаржысымен, өз күштерімен еңбек етуде. Қазір оларда қаржылық қиындық болып тұр. Нысан тапсырылғаннан кейін бюджет қаржысын аударамыз. Ал, Сарытоғайдағы Мәдениет үйінің құрылысы да қаржыға байланысты тоқтап тұр, - дейді облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Мерей ЖАНТӨРЕЕВ. – Бүгінгі жағдай осы, бірақ нысандарды тапсыру үшін мүмкіндік іздестіріп жатырмыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

9 қыркүйек 2020, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.