Атырау, 15 қазан 23:29
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

​Қызын Рымбаеваның ұлына ұзатқан тойды ұйымдастырушыға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды

11 606 просмотра

Атырауға Ақерке Бүркітбай Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповқа ұзатылғаннан кейін сол тойды карантин кезінде ұйымдастырушыға шамамен 83 мың теңге айыппұл салынды.

- 19 тамызда Атырау тұрғыны Атырау облысының бас санитар дәрігерінің отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салған қаулы талаптарын бұзып, туыстары мен жақындарын үйге жинап, салтанатты шара өткізді. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес  («Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу») салтанатты шараны ұйымдастырушыға әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК мөлшерінде (шамамен 83 мың теңге) айыппұл салынды, - деп хабарлады Атырау облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде.

Бұл ретте ұйымдастырушының кім екендігі нақтыланбайды – ол қалыңдықтың туыстарының бірі болуы мүмкін.

Айта кету керек, Роза Рымбаеваның ұлы тойға қатысқаны туралы мәселе Төреғали Төреәлінің  әпкесінің тойға қатысуы секілді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙДЫҢ жеке бақылауында тұр. Ол кезде денсаулық сақтау министрлігі санитар дәрігерлер полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге қатысушылар мен іс-шаралардың өткен орнын анықтап жатқанын айтты.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 5 шілдеден бастап облыста карантин режимін бұзған 1700-ден астам жағдай, оның ішінде ірі көлемдегі отбасылық іс-шараларды өткізудің 50-ге жуық фактісі анықталған. 

Фархат ӘБІЛОВ

3 қыркүйек 2020, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.