Атырау, 15 қазан 23:23
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Қоғам белсенділерімен АМӨЗ-дегі экология мәселелері талқыланды

PR
2 769 просмотра

Атырау  мұнай өңдеу зауытына  қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері, "Атырау-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Ш.Ізтелеуова, ҚР ЭГЖ ТР министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы А. Бекмұхаметов келді.

Сапар барысында белсенділер «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ш.Данбаймен кездесті. Кездесуде қоғамдық бірлестік өкілдері Атырау  қаласының тұрғындарын алаңдатып отырған - өндіріс қызметінің нәтижесіндегі шығарындылар және  жағымсыз әсерді барынша азайту жөніндегі экологиялық іс-шаралар туралы мәселелерді көтерді.

«АМӨЗ-де қала тұрғындары да қызмет етеді, сол себептен де бұл мәселе бізді де алаңдатады. Tazalyq жобасы көптеген жылдар бойы жиналған мәселеден құтылуға көмектесетін бірден бір жоба, соның арқасында алдағы 4 жылда зауыт өндірістің экологияға әсерін азайтуға ниетті", - деді зауыттың бас директоры Ш.Данбай.

Кәсіпорынның санитариялық-қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаның сапасын бақылайтын төрт автоматты станция жұмыс жасап тұр, олар онлайн-режимде экологиялық посттар көрсеткішін сағат сайын "Қазгидромет" РМК серверіне беріп отырады.

— Қаланың әрбір тұрғыны онлайн-режимде электронды таблоның көмегімен зауыт ауданындағы атмосфералық ауаны сипаттайтын экологиялық көрсеткіштерді, яғни азот диоксиді, көміртегі оксиді, күкіртті сутек және көмірсутектер концентрациясын көре алады — деді Ш. Данбай.

Сапар барысында экологтар мен қоғам белсенділері механикалық және биологиялық тазарту қондырғыларына барып, Tazalyq жобасының түрлі аспектілерімен танысты. Жиында  айтылған  ақпарат бойынша, механикалық тазарту құрылыстары қайта жаңарту бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары 90%-ға орындалып, сонымен қатар "Мемлекеттік сараптама" РМК-дан оң сараптамалық қорытынды алынған. Биологиялық тазарту құрылыстарын қайта құру бойынша инженерлік ізденіс жүргізілді. Булану алқаптарын рекультивациялау жобасы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары және сарқынды суларды бұрудың ашық каналының орнына құбыр салу 60% орындалды.

Сонымен қатар, АМӨЗ қолданатын технологиялар ағынды сулардағы зиянды заттардың құрамын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорында енгізілген ағынды суларды биотазарту жүйесі булану алқаптарына шығарылатын ағынды суың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Болашақта биологиялық тазарту құрылыстарын қайта құрудың арқасында зауыттың булану алаңдарындағы төгінділер 50%-ға азайып, Жайық өзенінен су алу 50%-ға кемиді.

Tazalyq жобасының нәтижесінде АМӨЗ сарқынды сулары тазартылғаннан кейін нормативтік көрсеткіштерге сай болады, тазарту құрылыстарының ашық ыдыстарынан атмосфераға зиянды булану және булану алқаптарынан қоршаған ортаға әсер ету тоқтатылады. Сонымен қоса тазартылған судың 70%-ы өндірісте қайта пайдаланылатын болады.

Шара соңында қоғам белсенділері зауыт басшылығына ашық диалог үшін және АМӨЗ-дің өңірдің қоршаған ортасына экологиялық жүктемені азайту бағытындағы күш-жігері үшін ризашылығын білдірді.

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

3 қыркүйек 2020, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған