Ресейлік актер Михаил Ефремов 3 қыркүйекте өткен сот отырысында кінәсін мойындады,, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Менің мәлімдемем бар. Кінәмді мойындаймын", - деді Ефремов.
Еске салайық, 8 маусымда Мәскеу орталығында ресейлік актер Михаил Ефремов жол апатына ұшырап, жүргізуші қайтыс болғаны хабарланған еді. Кейін қайтыс болған ер адамның баласы 6,5 миллион рубль талап еткен болатын. Ефремовтің қорғаушысы Эльман Пашаев зардап шегушілер дәлелдерді бұрмалағанын мәлімдеді. "Бізге келген ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен тарап дәлелдерді бұрмалауға тырысып жатыр", - деген еді Пашаев осыған дейінгі сот отырысында.
Дереккөз: Tengrinews.kz