Атырау, 26 қараша 01:20
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қырғыз ақыны президентке жемқорлық пен ұрлық мәселесін өлең арқылы жеткізді – видео

Бейнежазба
2 993 просмотра

Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне арналған концертте президенттің алдында өнер көрсеткен танымал ақын Аалы Тұтқышев елдегі жағдайды өлеңмен баяндап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтыскер ақын "шіріген ескі системаның медицинаны да шіріткенін" айта келе, 60 мың долларға жедел жәрдем көлігінің сатып алынғанын еске алды. Осы саладағы жемқорлыққа қарамастан, дәрігерлердің коронавирусқа қарсы күресте бірігіп, вирусты найзамен емес, инемен жеңгенін жеткізді. 

Сондай-ақ, ақын халықты тонап жатқан "дөкейлер", танысы жоқты қорлаған тас жүрек судьялар, ақша ұрлайтын кеден бекеттері мен дауыс ұрлайтын сайлаушылар туралы да сөз қозғады.  

"Шала сауатты шаштан көп, танысы барлар тастан көп, көмескі талай істерді көрсетпей жасап жатқан көп", – деді Тұтқышев.

Оның айтуынша, аталған салалардың барлығын цифрлық жүйеге ауыстырса, халық бәрін онлайн режимде бақылайтын еді. Заңсыз әрекет те азаяды.

Салтанатты жиынға Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, жоғары лауазымды шенеуніктер мен қонақтар қатысты.


2 қыркүйек 2020, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.