Атырау, 22 желтоқсан 11:02
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Дина» жабылуы мүмкін: уәде орындалмады

3 624 рет қаралды

Санитариялық талаптарды орындамағаны үшін «Дина» базары жабылуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, 17 тамызда санитар дәрігерлер бірқатар талап бұзушылықтарға байланысты оның жұмысын қайта бастауына рұқсат беруден бас тартқан еді. Соған қарамастан, саудагерлердің қысымымен  әкімшілік 10 күн ішінде бүкіл талап бұзушылықты жояды деген базар директорының кепілхатымен «Дина» ашылды. Белгіленген мерзім аяқталды, ал жаңа тексеру жұмыстары әкімшіліктің Атырау облысының бас санитар дәрігерінің кейбір ұйғарымын орындамағанын көрсетті.

- 28 тамыз бен 1 қыркүйекте қалалық әкімдік, кәсіпкерлер палатасы және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен тексеру жүргізілді. Кейбір талаптардың толық орындалмағаны белгілі болды. Лауазымды тұлғаларды жауапқа тартып, «Дина» базарының жекелеген нысандарын жабу жөнінде шаралар алынады, - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қолданыстағы ұйғарымға сәйкес, базар әкімшілігі сегіз блокта желдету жүйесінің жұмысын ретке келтіруі керек. Талап орындалмаған жағдайда базар толығымен жабылуы мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 қыркүйек 2020, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.