Атырау, 14 қазан 23:18
 дождьВ Атырау +20.9
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

Көршісінің қолынан қаза тапты

3 619 рет қаралды

Өткен жексенбіде Авангард тұрғын үй массивінде (3 ы/а) көршілердің мастықтан туындаған жанжалынан адам өлді.

30 тамызға қараған түні Авангард 3 ықшамауданындағы үйлердің бірінде ішімдік ішіп отырған екі көрші сөзге келіп қалады. Салдарынан олардың бірі - 1967 жылғы азамат пышақ жарақатынан сол жерде көз жұмады. Полицейлер із суытпай 37 жастағы күдіктіні ұстап, ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 қыркүйек 2020, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.