Атырау, 24 сәуір 19:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16

Береке жатақханалар мен апатты үйлердегі тұрғындардың панасына айналды

Сурет
4 652 рет қаралды

Атырауда жатақхана мен апатты үйлерде тұратын 200 отбасы қала маңындағы Береке ықшамауданындағы жаңа пәтерлерге көшеді.

Достық көшесі, 1 мекенжайындағы апатты үйдің, сондай-ақ, Геолог пен Бірліктегі жатақханалардың тұрғындарына пәтер кілті табысталды. Жаңа пәтер олардың жеке меншігіне беріледі.

Апатты тұрғын үйлер мен жатақханалардың тұрғындарын көшіру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Өткен жылы Құнанбаев көшесі, 13, Достық көшесі, 4 мекенжайындағы жатақхананың, Досмұхамбетов көшесіндегі екі жатақхананың, сонымен қатар Әуезов көшесіндегі №22 үйдің тұрғындары көшірілді.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың басында Берекеде 9 қабатты 72 пәтерлі үй салтанатты түрде пайдалануға берілді. Жаңа пәтер кілтін кезегі бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен жетім балалар алды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 қыркүйек 2020, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.