Атырау, 3 мамыр 16:14
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«15 қыркүйекке дейін бүкіл оқушыда компьютер болады»

2 549 просмотра

Жаңа оқу жылында Атырау облысында 132500 мектеп оқушысы партаға отырды. Бұл туралы брифингте білім беру басқармасының бастығы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ хабарлады.

196 мектептің 182-сінде қашықтан оқыту ұйымдастырылады - қалған 14 мектеп шағын жиынтықты мекемеге жатады, ол жерде бәрі әдеттегідей болады. 170 мектеп бастауыш сынып оқушыларын кезекші сыныптарға қабылдайды (23 мың балаға 1622 сынып). Кезекші сыныптар аптасына 5 күн емес, 6 күн оқиды - бұл кестеге, үзілістің ұзақтығына, жалпы санитарлық талаптарға байланысты.

Сонымен қатар, 19 баспамен келісімшарт жасалып, соған сәйкес облысқа оқулықтар жеткізіліп, таратылатыны белгілі болды.

Есенғалиевтың айтуынша, 16 693 оқушының үйінде компьютер жоқ, сондықтан мектептерден уақытша пайдалануға 15 мыңға жуық компьютер берілген. Бұдан басқа, жергілікті бюджеттен осы техниканың 3 мың данасын, республикалық бюджеттен 18 мыңын сатып алуға қаражат бөлінді.

- 15 қыркүйекке дейін бұл компьютерлерді бүкіл балаға таратамыз, - деп сендірді Есенғалиев.

Айтпақшы, білім беру басқармасында жеке Telegram чаты ашылған. Оған өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды жіберуге болады. Call-орталығының 270940 телефон нөмірі жұмыс істейді. Бұдан басқа, облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың басшылығымен бүкіл мектеп пен сыныптардың дайындығын тексеретін мониторинг тобы құрылды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

1 қыркүйек 2020, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.