Атырау, 22 желтоқсан 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Амандосовтан Баймұхановқа дейінгі жол ашылды

Сурет
2 902 рет қаралды

31 тамызда Атырауда жаңарту жұмыстарынан кейін Амандосов көшесінен Баймұхановқа дейінгі аралық, яғни, мұнай және газ университетінің маңындағы жол ашылды. Тротуарлар әлі төселмегендіктен тек көлік жолы ашылған.

Жол 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, бағдаршаммен қиылыспайтын Бірінші учаске жаққа қарай «оң жақ» бұрылыс салынды. Естеріңізге салсақ, Амандосов көшесіндегі жолды жаңарту маусым айында басталған болатын. Бұған дейін Амандосов пен Берғалиев көшелерінің қиылысындағы айналма жол кешіктіріліп ашылды.

Бұл көшеде университет пен екі колледж бар, сондықтан студенттер мен жаяу жүргіншілерге арналған жаяужолды тезірек салуға жұмыстанған жөн.

Фархат ӘБІЛОВ

1 қыркүйек 2020, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.