Атырау, 3 мамыр 08:56
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Жем өзені қақсып тұр

Сурет
5 014 просмотра

Жылыой ауданында егін кәсіпшілігі дамымай отыр, көкөніс пен жемістердің дені сырттан әкелінеді. Бұған су тапшылығы негізгі себеп болып отыр.

- Бүкіл егіс алаңы - Жем өзенінің бойында, ол Ақтөбедегі Мұғалжар тауынан келетін қар суымен толығады. Соңғы үш жыл бойы су аз келгендіктен өзен суы үзіліп, қақсуға айналды. Судың аздығынан қаймықты ма, биыл «Әсер», «Әмин», «Қарасу» шаруашылықтары егін егуден бас тартты, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас ҚУАТБАЕВ.   

- Мен бірнеше жылдан бері диқаншылықпен айналысып келемін. Біз жыл сайын егін еккенде бір ғана жағдайды ойлап тұрамыз, Жем өзені судан тола ма, жоқ па деп, -дейді «Аман-Есен» ШҚ басшысы Мұрат ИСАҒАЛИЕВ (суретте). – Биыл көктемде 60 гектарға егін ектік, бірақ соның 5 тоннасын ғана сатып үлгердік. Өйткені шілденің басында өзен қақсып қалды. Бұлай жалғаса берсе, ешкім егін екпейді. Келесі жылы Жайық өзені бойына, жер берсе Махамбет, болмаса Индер ауданына егін салғым келеді. Шыққан өнімді Жылыой ауданына жеткіземін деп шешіп отырмын.

Біз Жем өзені бойын жағалап шықтық. Құрғағаны соншалық біраз бөлігін құм басқан.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

1 қыркүйек 2020, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.