Атырау, 3 мамыр 18:12
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Бұл су емес, кәдімгі дезинфекциялық ерітінді»

Бейнежазба
3 212 просмотра

Ғаламторда Құлсары қаласындағы емхананың кіре берісінде тұрған залалсыздандыру бөшкесінде ерітінді емес, су құйылғаны туралы бейнежазба тарады. «Міне, қараңыз, кәдімгі су ғой. Ерітіндінің ешқандай иісі де байқалмайды. Бұл көзалдау үшін қойылған ба, сонда» дейді кадр сыртындағы дауыс.

Осыған орай Жылыой аудандық орталық ауруханасының эпидемиологы Назира ТАҢҚЫБАЕВА мынадай түсініктеме берді:

- Әдеттегідей емхана кіреберісінде келушілер үшін «ДП-Ди-Хлор» таблеткасының ерітіндісі пайдаланылады. Жарамдылық мерзімі - бес жыл. Бұл таблеткалар 2018 жылы шыққан, нұсқаулыққа сәйкес, оның  0.015 пайызын ғана шашуға пайдаланамыз. Өйткені адамның бетіне, көзіне тиген жағдайда зияны тимеу керек. Жоғары дозада пайдалануға болмайды. Егер адам күмәнданса, келіп қарап, танысуына болады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

1 қыркүйек 2020, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.