Атырау, 22 желтоқсан 06:34
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мақтаны Түркиядан Қырғызстанға жеткізе алмады

Сурет
2 751 рет қаралды

30 тамыздан 31-іне қараған түні Астрахань трассасының бойындағы Исатай ауданындағы Жанбай ауылының тұсында медициналық мақта тиеген «MAN» көлігінің тіркемесі өртенді. Көлік жүргізушісі - Түркия азаматы зардап шеккен жоқ. Жүкті Түркиядан Қырғызстанға апара жатқан.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқиға орнына өртке қарсы күрес қызметінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған. Өрт салдарынан жүк толығымен жанып кеткен, ал көлік кабинасы бүлінген жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі ұсынған суреттер

1 қыркүйек 2020, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.