Ресей президенті Владимир Путин мен таяуда Беларусь президенті болып қайта сайланған Александр Лукашенко Мәскеуде кездесетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Екі елдің басшылары алдағы апталардың бірінде кездесуге келіскен.
"Алдағы апталардың бірінде Мәскеуде кездесу өткізу бойынша келісімге келді", - делінген хабарламада.
Кремль баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Путин мен Лукашенко телефон арқылы сөйлескенде әріптестік құруға дайын екендерін жеткізген.
Бұған дейін Ресей мен Беларусь басшылары 24 тамызда сөйлескен болатын. Сол кезде Беларусь тұрғындары коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина сынағының үшінші кезеңіне қатысады деп келісіліген еді.