Атырау, 22 желтоқсан 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Учаскелік инспектор келгенше тойда ән айтылып, би биленді

4 153 рет қаралды

Атырау полицейлері бір күнде көп қонақ қатысқан 3 үйлену тойын анықтады. Коронавирусқа байланысты үлкен отбасылық мереке өткізуге әлі де рұқсат етілмегені белгілі.

28 тамызда сағат 13.00-де учаскелік инспекторлар СМП-163 ықшамауданындағы мейрамханада, сағат 16.30-да Рыбников ауылында және сағат 17.30-да Жаңаталап ауылында өтіп жатқан тойдың үстінен түскен.

- Үш шараның бәрі тоқтатылды. Материалдар әкімшілік шара алу үшін қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

5 шілдеден бастап Атырау облысында карантин режимі бұзылған 1713 жағдай анықталды, оның ішінде 50-ге жуығы -  ірі отбасылық шаралар.

Фархат ӘБІЛОВ

29 тамыз 2020, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.