Атырау, 14 қазан 23:18
 дождьВ Атырау +20.9
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

Нұрсаядағы қоныстой

3 405 рет қаралды

28 тамызда Конституция күні қарсаңында атыраулық 33 отбасыға «Нұрсая» ықшамауданында бой көтерген 9 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің кілті табысталды.  Баспаналы болғандардың дені - 2013 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы аналар.

- Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалға берілген пәтерлер. Осы бағдарлама аясында жыл басынан бері баспаналы болғандардың саны 257-ге жетті, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат ЖОЛДИЕВ.⠀

Жыл аяғына дейін, тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан бөлек, апатты жағдайдағы жатаханаларды да көшіру көзделіп отыр.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

29 тамыз 2020, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.