Атырау, 26 қараша 00:26
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Путин Белоруссияға көмектесу үшін арнайы жасақ әзірлеп қойды

2 816 просмотра

Ресей қажет болған жағдайда Белоруссияға көмектесу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен іріктеп, арнайы жасақ әзірледі. Бұл туралы Владимир Путиннің өзі мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Экстремистік элементтер Беларусь шекарасын басып өтіп, топалаңды бастамайынша ешқандай күш қолданылмайды", - деді ол.

Ресей президенті "Белоруссияда ресейлік күштерді қолдануға әлі қажеттілік жоқ екенін" баса айтып, оның ары қарай да қажеттілігі болмайтындығына үміт артатынын жеткізді. Ол мұнымен Мәскеу де, Минск те келісетіндігін атап өтті.

360tv.ru хабарлағандай, Ресей президенті Белоруссияның құқық қорғау органдары өзін ұстамды ұстайтынын атап өтті. Оның айтуынша, қазір бұл елдегі жағдай реттеліп келеді.

27 тамыз 2020, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.