Атырау, 3 мамыр 20:00
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Исатай мен Махамбет алаңы сенімгерлік басқаруға беріледі

Толықтырылды
3 906 просмотра

Атырауда Исатай мен Махамбет атындағы орталық алаң 10 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Қалалық ТКШ бөлімі 8 қыркүйекте электронды саттық өткізуді жоспарлап отыр. Оған қатысу үшін 126 миллион теңге көлемінде кепілдік жарна төлеу керек. Айтпақшы, алаңның баланстық құны - 4 миллиард 878 миллион.

Мемлекеттік актіге сәйкес, нысанның жалпы ауданы - 4,6607 га. Ол қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансында.

Жаңа басқарушы нысанды мақсатына сай - мұнайлы астананың тұрғындары мен қонақтары үшін демалыс орны ретінде пайдалануға міндетті. Алаңға кіру үшін ақы төленбейді, бірақ басқарушы ол жерге сауда дүңгіршектерін, сондай-ақ ақылы дәретхана орната алады.

Кеш болса, бұл жерде тәттілер мен ойыншық сатушылар, сондай-ақ балалар машинасы мен батут қызметін ұсынатындар пайда болатыны баршаға аян. Басқарушы алаңнан жайма сауда жасайтындарға рұқсат бермей, батуттарға тыйым салуы керек. Бұдан басқа, бұл жерге күзет қойылады.

Мереке күндері орталық алаң Атыраудың негізгі концерт сахнасына айналады. Қалалық мәдени-көпшілік шаралар үшін басқарушы өз нысанын ақысыз ұсынуы тиіс.

Естеріңізге салсақ, былтыр 30 тамызда Исатай мен Махамбет алаңы 3 миллиард теңгеге қайта жөнделгеннен кейін салтанатты түрде ашылған еді.

***

Сайтымыздағы бұл жарияланым қала тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырды. «Әрине, басқарушы жеке тұлға ретінде халықтың алаңда митинг өткізуіне тыйым салуы тиіс» деген сияқты мысқылдаған комментарийлер де болды.

Бұған қатысты Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді: «Атырауда бейбіт митингі мен пикет өткізетін орындар белгіленген - осы объект бұл тізімде жоқ. Сенімгерлік басқаруға беру қала тұрғындары және қонақтарының Исатай мен Махамбет алаңында демалып, серуендеуіне еш кедергі болмайтындығын хабарлаймыз».

Фархат ӘБІЛОВ

27 тамыз 2020, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.