Атырау, 2 мамыр 12:55
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Ноутбуктарға қатысты жағдай мәз емес

3 167 просмотра

Облыс бойынша қашықтан оқу үшін 16 693 оқушыда компьютер болған жоқ. Оның ішінде 15 246 оқушыға компьютер уақытша пайдалануға берілді. Бұл туралы педагогтардың тамыз конференциясында облыстық білім беру басқармасының жақында тағайындалған басшысы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ мәлімдеді. Ал іс жүзінде бұл жағдай көңіл көншітпейді.

Айпақшы, дәстүрлі тамыз конференциясы тып-тыныш, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз өтті, дегенмен сұрақтар көп еді.

Балаларына уәде етілген ноутбуктарды ала алмаған ата-аналар «AЖ»-ға хабарласады. Мен өзім көпбалалы ана ретінде тамыз айының ортасында балаларымның сынып жетекшілерінен «балаларымды оқыту үшін ноутбук ала аламын ба?» деп сұраған едім. «Ноутбуктардың көбі мектеп мұғалімдері қолданған, ескі, егер қаласаңыз, алыңыз, бірақ жауапкершілік өзіңізде болады» деген жауапты естіп, таң қалдым. Сонда бюджет ақшасына сатып алынған жаңа ноутбуктар қайда? Ал жаңалары әлі келмепті.

1 қыркүйек болып қалды ғой.

Жақында ата-аналар чатында бір оқушының анасы компьютер ала аламын ба деп сұрады, ал сынып жетекшісі бұл үшін бірнеше құжатты, соның ішінде, жұмыс орнынан жалақысы көрсетілген анықтама немесе жұмыссыз екендігі туралы анықтама тапсыру керек деп жазды.

Отбасының әр мүшесіне бөлінген табыс күнкөріс деңгейінен (32 688 теңге) аспаған жағдайда ғана ноутбукты ала алады. Көп балалы ана болсам және мемлекеттен жәрдемақы алсам, неге бұл құжаттарды жинауым керек деп, әйел таң қалды. Бірақ соңында жеке куәлік пен жәрдемақы төлеу туралы куәлікті (көк кітап) ұсынған соң компьютер аласыз деген жауап алды.

Сандар мен ақиқаттың арасындағы айырмашылық осындай.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

27 тамыз 2020, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.