Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі жүздеген бронетехника мен танктен бас тартуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды DailyMail.
The Times газетінің мәліметінше, Ұлыбритания бұл туралы NATO одақтастарына ескертіп қойды.
Әскери бөлімдегілер Challenger 2 негізгі жауынгерлік танкі мен Warrior жаяу әскерледің жауынгерлік машиналарынан бас тартуды қарастырып отыр.
Қорғаныс министрлігі өкілдерінің сөзіне қарағанда, Ұлыбритания киберкеңістіктегі қауіптердің алдын алуға қосымша қаражат бөлу мақсатында техникадан бас тартпақ.
"Біз Ұлыбританияның қауіпсіздік жүйесін дұрыс қорғап, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін бірқатар батыл шешім қабылдау қажет екенін білеміз", - деді министрліктегілер.
Дереккөз: Тengrinews.kz