24 тамызда Атырауда полиция қызметкерлері Балықшы ықшамауданындағы үйдің пәтерінде 3 күн жатып қалған 57 жастағы ер адамның мәйітін тапты.
Бұған пәтерді жалға алған тұрғынның үш күн бойы есіктің қоңырауына жауап бермегені себеп болды. Оқиға орнына келген полиция пәтердің есігін ашу үшін ТЖД қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.
- Құтқарушылар темір есікті ашып, пәтерден 1963 жылы туған ер адамның мәйітін тапты, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Фархат ӘБІЛОВ