Рейтер агенттігінің хабарлауынша, белгісіз біреулер атыс ашып, жарылыс ұйымдастырғаннан кейін аймақта артынша өрт шыққан.
Куәгерлер болса бірнеше зымыранның ұшырылғанын айтады. Әскерилер жергілікті тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырды. Әзірге оқиғадан мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Атыс-шабысты нақты кім ұйымдастырғаны да белгісіз. Қазір аймақтағы бірнеше жолдар жабылып, төтенше жағдай жарияланды.
Дереккөз: 24.kz