Атырау, 2 мамыр 15:28
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Өтпей қалған мәдени іс-шараларға бөлінген ақша бюджетке қайтарылуда

2 952 просмотра

Атырау облысында коронавирусқа байланысты шектеулердің салдарынан мәдени-көпшілік шаралар өтпеді және жыл соңына дейін өтпейтін шығар. Осы мақсатқа бөлінген қаражат бюджетке қайтарылады. Мемлекеттік сатып алу сайтында жоспарланған, бірақ өтпей қалған лоттарды еске түсірейік.

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры жалпы құны 191 млн теңгені құрайтын екі лот бойынша 18 шара өткізуге тиесілі еді. Бұл - атап айтқанда, балалар қойылымдарына арналған І-Республикалық театрлар фестивалі өтуі керек болып, оған 52 млн теңге бөлініп, 16 театрды шақыру жоспарланған. Одан бөлек, Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан ақындарының қатысуымен «Тамырларым тереңде, бұтақтарым биікте» атты  халықаралық поэзия фестивалін өткізбек болған. Оған 14 млн 948 мың қаржы бөлінген.

Жалпы сомасы 283 млн 986 мың теңге болатын 2 лот Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияға берілген. Онда «Ән мен биден шашу» атты жетім балалар арасында өнер сайысы (11млн 200 мың), «Айтқыштар - Атырауда» атты әзіл-сықақ театрларының Республикалық фестивалі (20 млн 968 мың), Н.Жантөрин атындағы VI-Республикалық  көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы (18 млн 936 мың), «Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда айшықтары: Тарихи тұлғалар галереясы» атты музыкалық қойылымы (15 млн 525 мың) секілді бірнеше мәдени-көпшілік шаралар жоспарланған.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына орай  Венгрия Республикасына  Алтын адам шеруін (35 733 000 теңге) және Санкт-Петербург қаласының Ресей мемлекеттік этнографиялық музейіне зергерлік бұйымдар коллекциясынан көшпелі көрме (27 млн) ұйымдастыруды жоспарлаған.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, барлық қаржы бюджетке кері қайтарылып жатыр. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

28 тамыз 2020, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.