Атырау, 18 тамыз 09:04
 дождьВ Атырау +20.1
$ 461.39
€ 534.75
₽ 5.45

Ереже бұзушы психоневрологиялық қызметтің пациенті болып шықты

Бейнежазба
3 360 рет қаралды

24 тамыз күні кешке Атырауда өткіншілер Атамбаев көшесінің көлік жүретін бөлігінде келе жатқан қызды байқады. Қыздың өзгеше жүріс-тұрысы қалалық полиция басқармасының патрульдік қызметкерлерінің назарын аударды. Тоқтауын өтінгенде ол керісінше, өтіп бара жатқан көліктерге қарай жүгірді. Ал оны ұстаған сәт әлеуметтік желіге тарап кеткен.

- Тексеру кезінде оның Қызылорда тұрғыны екені, психоневрологиялық қызметтің есебінде тұрғаны анықталды. Коронавирус инфекциясына сынама нәтижесі шыққаннан кейін біздің психоневрологиялық диспансер оны қабылдауға дайын. Ол Қызылордадан туыстары келгенше осында болады, - дейді қалалық полиция басқармасы ЖПҚ бастығы Сайфулла ҚАЗИХАНОВ.

Полицияның мәліметінше, қыздың ата-анасы жоқ, әпкесімен бірге тұрады. Атырауға келмес бұрын Ақтөбеге де барып үлгерген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

25 тамыз 2020, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.