Атырау, 22 желтоқсан 14:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда КВИ-мен ауырғандар үшін ДСК жанынан оңалту орталықтары ашылады

3 030 рет қаралды

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырғандар үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жанынан 6 оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, онда физиотерапия, массаж және тыныс алу гимнастикасы қызметі көрсетіледі. Әр орталық белгілі бір медициналық мекемеге бекітілген.

- Тұрғындар жергілікті емхана дәрігерлерінің жолдамалары арқылы орталықтың қызметіне ақысыз негізде жүгіне алады. Оңалту орталығында реабилитолог, психолог мамандар, медбике мен спорт нұсқаушысы қызмет етеді. Нұсқаушы дәрігермен келісілген жаттығуларды тағайындайды, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ.

- Қауіпті инфекциялық аурудан сауығу үшін ағзаға біраз уақыт керек. Атап айтқанда, науқас тыныс алу жаттығуларын жасайды, басқа оңалту шараларын жүргізеді. Ағза оңалуы үшін 7-14 күн ем алу керек, - дейді №3 Атырау қалалық емханасының бас дәрігері Айман ӨТЕГЕНОВА.

Қазіргі кезде дене-шынықтыру спорт залдарына ем-домға қажетті жабдықтар жеткізілуде.

Атырау қаласы бойынша емханамен бірлескен оңалту шаралары өтетін дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің тізімі:

«Атырау» ДСК: №3, №7 қалалық емханалар; 

«Ривьера» ДСК: №1, №5 қалалық емханалар; 

«Мұнайшы» стадионы: №2 қалалық емхана;

«Томарлы» стадионы: Атырау қалалық Геолог емханасы, «Сәлімжан и К» ЖШС емханасы; 

«Судоремонтник» стадионы: №4 қалалық емхана; Дамбы, Еркінқала дәрігерлік амбулаториялары; 

«Нұрсая» ДСК: «Ақтөбе Транзит Экспедейшн» клиникасы.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

24 тамыз 2020, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.